Шығыс Қазақстанда екі жыл ақша бопсалаған алаяқ ұсталды
Шығыс Қазақстанда екі жыл ақша бопсалаған алаяқ ұсталды
Фото: polisia.kz
527
оқылды
Шығыс Қазақстанда полицейлер 2 жыл ақша бопсалаған ер адамды ұстады, – деп жазады Polisia.kz. Мамыр айында ПД Криминалдық полиция басқармасына 2020 жылдың мамыр айынан бастап 2022 жылдың сәуіріне дейін 54 жастағы ер адамнан ақша бопсалағаны туралы ақпарат түсті. Тексеру нәтижесінде, 49 жастағы күдікті ұсталды. Күшіне сенген алаяқ жәбірленушіден жүйелі түрде ақша талап еткен. Алғаш рет ол одан 150 000 теңге алып, содан кейін соманы көбейткен. Бас тартқан жағдайда қорқытқан. Өз атына несие алуға, тіпті анасының пәтерін сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін беруге мәжбүрлеген. Өзен жағасына алып барып, жәбірленушінің өзіне ғана емес, отбасына да зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқытқан. Жәбірленушіден 2 миллион теңге алмақ болған сәтте ұсталды. 2 жылда келтірілген залал мөлшері – 50 миллион теңге. Күдікті ұсталды. ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу басталды.