Фейк: «Бейтаныс ұшатын нысанмен байланысты құпия тәжірибелер камераға түсіп қалған»
Фейк: «Бейтаныс ұшатын нысанмен байланысты құпия тәжірибелер камераға түсіп қалған»
443
оқылды
Қазақстандықтар адамдар арасында жүрген алып, тірі сияқты тиранозаврдың бейнеролигімен бөлісуде. Онда бұл – НЛО-мен байланысты «Көк сәуле» құпия жобасының нәтижелері деп жазылған. Бұл  – конспирология. Бұл видеоның НЛО-ға да, құпия әзірлемелерге де еш қатысы жоқ. Онда көрсетілген тиранозавр – ON-ART жапон компаниясының өнімі. Бұл туралы stopfake.kz сайты мәлімдеді. Компания гипер-шынайы механикаландырылған динозаврлар жасаумен айналысады, кейіннен олар көрмелерде, түрлі презентацияларда, тақырыптық парктерде және іс-шараларда көрсетіледі. 2019 жылы компания 21 динозавр шығарған. Тиранозавр – солардың бірі.  width= Желіден осы компания шығарған басқа динозаврлардың көрсетілімін тауып, көруге болады.
"Қазнет пайдаланушылары жазған «Көгілдір сәуле» жобасы іс жүзінде жоқ. Бұл  – конспирологтердің қиялының жемісі. Олардың теориясы бойынша, «Көк сәуле» жобасының аясында әлемде арнайы проекторлар орнатылады, олар бір сәтте қосылып, аспанда құтқарушының шынайы бейнесі пайда болады, ал адамдардың басында ақыл мен ерік-жігерді басатын дауыстар естіледі. Бұл теорияның дәлелі де, ауқымды жобаны жүзеге асыру туралы көптеген ақылға қонымды сұрақтарға жауаптар да жоқ", –  деп жазды ақпарат көзі.