Бұл жайында БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, оқиға бүгін Құрманғазы көшесі 33-мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты үйдің сегізінші қабатында болған. Шақырту сағат 10.52-де түскен. «2019 жылғы бала үйде жалғыз қалған. Көрші әйел есікті ашайын десе, бала жылап, ашық тұрған терезеге жүгірген. Баланың әрекетінен қорыққан келіншек құтқарушыларды шақыртқан. Бала ашық тұрған терезеден төменге қарап тұрған. Оны шошытып алмау үшін құтқарушылар төбеден түсіп, балконнан кірген. Сөйтіп, сәбиді құтқарып қалды», – деп хабарлады ведомстводан.