«AMANAT» партиясының хатшысы әкімдермен ауылдағы проблемаларды талқылады
«AMANAT» партиясының хатшысы әкімдермен ауылдағы проблемаларды талқылады
«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әкімдер оқу курсын тәмамдайды. Бүгін оқу сағаттарының соңғы курсынан өтіп жатқан ауыл әкімдерімен партияның хатшысы Эльдар Жұмағазиев онлайн форматта кездесу өткізді. Онда партия хатшысы  оқу семинардың маңыздылығы, тақырып аясында жұмысты жетілдіру, ауылдарды өркендету, ауыл халқының тұрмысын жақсарту мәселелерін алға тартып, әкімдердің ұсыныс, пікірлерін тыңдады.    width=  width= Мәселен, Қазалы ауданына қарасты Бірлік ауылдық округ әкімі Өтеп-Әлі Өміртай  сөз алып, оқу семинардағы ауыл әкімдері атынан: «Мемлекеттік сатып алу» заңында жергілікті кәсіпкерлерге басымдылық беру қолданылса; «Мемлекеттік сатып алу» заңында  округ әкімі аппаратына «Бір көзден алу» тәсілі нақты жетілдірілсе; тұрғындары 2 000 адамнан аспайтын  округтер ІV деңгейлі бюджеттен босатылса; ауылдық округ әкімі аппаратындағы келісімшартпен жұмыс істейтін әдіскер мамандар «азаматтық қызметкер» статусына енгізілсе, олардың жалақысы өсіп, жауапкершілігі де артар еді», – деген ұсыныс айтты.  width=  width= Жиын барысында партия хатшысы бүгінде ауыл халқын алаңдатып отырған ең өзекті мәселелердің бірі жайылым жерлерді халық игілігіне қайтару тұрғысында «AMANAT» партиясы нақты жұмыстар істеп жатқанын тілге тиек етіп, бұл жұмыстарға әрбір  ауылдық округ әкімдері де жауапты болғандықтан, тікелей қолдау көрсетуі қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар ауыл әкімдері мен партия арасындағы кері байланысты орнату арқылы қордаланған мәселелерді бірігіп шешу мақсатында арнайы чаттар мен әкімдер ассоцациясын құру жөнінде ұсыныс тастады.    width= Бұл ұсыныс ауыл әкімдері тарапынан қолдау тауып, арнайы жұмыс істелетін болды. Қорыта келгенде, 13-22 маусым аралығына жоспарланған «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған оқу семинарына өңірден 141 кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері  мен партия филиалдарының атқарушы хатшылары қатысып, білімін жетілдірді. Бүгін ауыл әкімдерінің соңғы легі алған білімдері бойынша тест сынағынан өтіп, арнайы сертификаттарға ие болды.    width=