Тоқаев Дәулет Тұрлыхановқа жазғы және қысқы спорт түрлерін дамытуды тапсырды

Тоқаев Дәулет Тұрлыхановқа жазғы және қысқы спорт түрлерін дамытуды тапсырды
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Дәулет Тұрлыханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа федерацияның бұқаралық және кәсіби спортты дамыту, Денешынықтыру және спорт саласын өркендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ балуандардың 2024 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы баяндады.

Сонымен қатар кездесуде жастардың өзекті мәселелеріне, соның ішінде оларды бұқаралық спорт түрлеріне тартуға, өңірлерде спорт инфрақұрылымдарын дамытуға баса мән берілді.

Осы ретте Мемлекет басшысы аймақтарда жазғы және қысқы спорт түрлерін ілгерілету жұмысын күшейту қажет екенін айтты.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.