Бибісара Асаубаева Тоқаевтан алған сыйлығын көрсетті
 Бибісара Асаубаева Тоқаевтан алған сыйлығын көрсетті
Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан Президенттінен қандай сыйлық алғанын көрсетті. Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер – Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен вице-президент Дәрмен Сәдуақасов қатысты. Президент мектепті «Алтын белгімен» бітірген Бибісара Асаубаеваға табыс тілеп, Гүлісхан Нақбаеваны өткен туған күнімен құттықтады. Кездесуден кейін Бибісара Асаубаева желідегі парақшасында президентпен бірге түскен фотоны жариялады. Сондай-ақ, Тоқаевтың берген сыйлығын көрсетті.  width=