Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан халқына көңіл айтты
Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан халқына көңіл айтты
Фото: yandex.kz
596
оқылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі зілзаладан опат болған Ауғанстан халқына көңіл айтты. «Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінің кесірінен елеулі адам шығынына байланысты ауған халқының қайғысына ортақтасамыз. Қазақстан халқы мен басшылығының атынан апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Қалыпты тіршілікке тезірек оралуға тілектестік білдіреміз» делінген ресми хабарламада. Бұған дейін Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны мыңнан асқанын хабарлаған болатынбыз.