Тоқаев: Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру
Тоқаев: Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру
Фото: baribar.kz
2,049
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтады. Бұл туралы Президент Twitter-де жазба жариялады. «Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады. Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.