Серік Қожаниязов қызметінен босатылды

Серік Қожаниязов қызметінен босатылды 1
Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Серік Қожаниязов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Салаватұлы Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кузбасс политехникалық институтын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған. Әр жылдары жекеменшік секторда жұмыс істеген.

2001-2005 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппараты индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2005-2007 жылдары – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.

2007-2008 жылдары – Қызылорда қаласының әкімі.

2008-2014 жылдары Премьер-министрінің кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2014-2019 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі.

2019 жылдан 2021 жылғы қаңтарға дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы қаңтардан қазіргі таңға дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымында болды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.