Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, отбасындағы кикілжіңнен соң көпбалалы әке көпірден секірмек болған.
Полицейлер суицидке оқталған ер адамды Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы бейнебақылау камерасынан байқап қалған.
Inform.kz-тің жазуынша, кезекші инспекторлар оқиға орнына 3 минутта жеткен. Полиция майоры Ерлан Айнамқұлов пен Нұрмахан Қоспанов ер адамды сөзге тартып, назарын аударып, құтқарып қалды.