«AMANAT»: көмекке мұқтаж тұрғынның өтінішін орындады  
«AMANAT»: көмекке мұқтаж тұрғынның өтінішін орындады  
524
оқылды
«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында көптеген игі істер атқарылып, мүмкіндігі шектеулі жандардың алғысына бөленуде. Сондай игілікті жұмыстардың бірі Қызылорда облысындағы партияның Байқоңыр филиалына Ақай ауылдық округінің тұрғыны Феруза Арашова келіп көмек сұраған болатын.  width= Тұрғынның айтуынша, Байқоңыр қаласында тұратын, ұлдары қайтыс болған, 76 жастағы қайын апасы Дамегүл Бисенбайқызы Баекеноваға үнемі қарап, көмектесіп жүреді. Туысы  2020 жылы инсульт алып, содан кейін бір аяғы мен бір қолы сал болып қалған. Қозғалуы өте қиын, сыртқа шығуы мұң болған. Тіпті сыртқа шығып келудің өзіне жағдай жасалмағандықтан халі мүшкіл болып отырғанын айтып, өтініш білдірді. Партия филиалының Атқарушы хатшысы мәселені дер кезінде қолға алып, ел басына түскен қиыншылық сәтте халқының ыстық ықыласына бөленіп жүрген азамат «Асар Плюс» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Сейл Жумадьяровқа тұрғынның тілегін жеткізіп, науқас азаматша тұратын подъездегі баспалдаққа пандус салып беруіне көмек көрсетуге ықпал етуге ұсыныс білдірді.    width= «Асар Плюс» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Жумадьяров Сейл Бухарбаевич науқас адамға көмек беруді ұйымдастырып, демеушілік негізінде пандус орнатып берді. Тұрғындардың тілегін ескерусіз қалдырмай дер кезінде көмек берген азаматтарға науқас азаматша да, оның туыстары да ерекше ықыласын білдірді.