Белгілі Ресей әншісі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды

Белгілі Ресей әншісі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды

Белгілі Ресей әншісі  Юрий Шатунов 48 жасында қайтыс болды, – деп хабарлады  "Звезда" телеарнасы.  Бұл туралы өнер иесінің директоры және продюсері Аркадий Кудряшов хабарлады.

"Бүгін түнде жедел жәрдем көлігінде Юраның жүрегі тоқтап қалды", – деді Аркадий Кудряшов.
Юрий Шатунов пен  "Ласковый май" тобы 1980 жылдары танымал болды. Топ тараған соң Шатунов жеке орындаушы ретінде өнер жолын бастады.