Ақпарат министрі Қазақстандағы сөз бостандығына 4,9 балдық баға берді
Ақпарат министрі Қазақстандағы сөз бостандығына 4,9 балдық баға берді
© gov.kz
1,336
оқылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Қазақстандағы сөз бостандығына баға берді.  Министр еліміздегі сөз еркіндігін 1-ден 5-ке дейінгі шкаламен бағалады.
«Мен 5 дер едім, алайда сіздер оған сене қоймассыздар. Сол үшін 4,9 дер едім. Сөз еркіндігіне байланысты жағдай соншалықты өткір дей алмас едім. Сіздер менен сөз еркіндігі туралы сұрап жатырсыздар. Егер бізде ол болмаса, сіздер маған бұл сұрақ қояр ма едіңіздер? Митинг те өткізіп жатыр. Ешкімнен тыйым жоқ», – деді министр.
Министр сөз соңында «телефон құқығын» пайдаланып, бірде-бір редакцияға материалды алып тастау жөнінде өтінішпен шықпағанын да айтып өтті.