Танымал әнші Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды
Танымал әнші Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды
© stuki-druki.com
Желіде танымал ресейлік әнші, «Ласковый май» тобының солисі Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды. Бұл туралы «112» telegram-арнасына хабарлады. 22 маусымда әншінің Мәскеу облысында менеджерімен бірге демалып жатқаны, сол жерде ауырып қалғаны белгілі болды. Юрий Шатуновтың достары оны алдымен Растуново ауылындағы ауруханаға алып келді. Бұл сағат 23:45-та болған. Өмірдің соңғы минуттары осы аурухананың кіреберісінде орнатылған бейнекамераға түскен. Юраның достары оны ғимаратқа апарады. Олар онда шамамен 10 минут болады. Видеоны SHOT telegram-арнасы жариялады. Әнші кеудесінің ауырып тұрғанын дәрігерлерге айтып үлгерген. Медициналық мекемеде оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, оның жағдайы күрт нашарлаған, дәрігерлер жансақтау тобын шақырған. Жедел жәрдем Юрий Шатуновты Домодедово ауруханасына жеткізді. Сағат 00:20-да ол жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Дәл сол сәтте жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер Шатуновты қайта тірілтпек болғанымен, оны аман алып қала алмаған. Сондай-ақ әншінің қанынан алкоголь мен есірткі табылмағаны хабарланды.