Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде 11 сатыға жоғарылады
Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде 11 сатыға жоғарылады
336
оқылды
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (FIFA) жариялаған рейтингте 11 сатыға жоғарылады. Бүгін, 23 маусымда халықаралық футбол федерациялары ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингісі жарияланды. Онда Қазақстан құрамасы 114 орынға көтерілді. Осылайша құрама бұрынғы орнынан 11 сатыға жоғарылаған. FIFA рейтингісіндегі 2022 жылдың 23 маусымындағы көрсеткіш төмендегіше: 1. Бразилия - 1838 ұпай 2. Бельгия - 1822 3. Аргентина - 1771 4. Франция - 1765 5. Англия - 1737 6. Испания - 1717 7. Италия -1714 8. Нидерланды -1680 9. Португалия - 1679 10. Дания - 1665 51. Словакия -1440 96. Беларусь - 1227 114. Қазақстан - 1166 128. Әзербайжан - 1127. Қазақстандық футболшылар енді 22 қыркүйекте Беларусьті қабылдаса, 25 қыркүйекте сырт алаңда Әзербайжанмен шеберлік байқасады.