Ақтауда белгісіз екі адам әйел мен бала тұрған пәтерге кіріп, қала тұрғынын баласының көзінше сымның бір бөлігімен қылқындыруға тырысқан, деп хабарлайды Lada.kz.
«Белгісіз екі адам көршімізді тонап кетті. Ол күйеуі жұмысқа кеткен кезде үйде кішкентай баламен жалғыз болған. Ашық қалған есіктен екі ер адам кіріп, оны сыммен қылқындырып, пәтерді тонаған. Құдайға шүкір өзі тірі қалды», - деді жәбірленушінің көршілері.Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәлімдеуінше 22 маусым күні сағат 15:25-те пәтер тоналғаны туралы хабарлама түскен. Қазір күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.