Маттео Мекаччимен кездесті

Маттео Мекаччи

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Маттео Мекаччимен кездесті.

Мәулен Әшімбаев қазір Қа­зақстан дамудың ма­ңызды ке­зеңіне қадам басқанын, елімізде Мем­лекет басшысының баста­масымен барлық салада жүйелі реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Сенат Спикері Бюро директорына биыл 5 мау­сымда өткен референдумға тоқ­талып, оның нәтижесінде Қа­зақ­стан халқы демократиялық, құ­қықтық және әділетті мемлекет құру бағдарын қолдағанын айтты.

Палата Төрағасының ай­туын­ша, конституциялық ре­фор­ма аза­­маттардың құқық­тарын қор­ғау­ды күшейтуді, Парламенттің рөлін арт­­тыруды, өңірлерді ны­ғайтуды және елдегі саяси бәсе­ке­лестікті одан әрі дамытуды қам­та­масыз етеді.

«Елімізде жүргізіліп жатқан барлық өзгерістер жү­йелі си­патқа ие. Қолға алынған бастама­лар аза­маттардың бәріне бірдей тең мүмкіндік беретін әділ мем­лекет құруды көздейді. Біз Қа­зақстан­дағы ре­фор­маларды іске асыру ба­ғытында ЕҚЫҰ инсти­тут­та­ры­мен белсенді жұмыс жүргізуге да­йынбыз», – деді Мәу­лен Әшімбаев.

Өз кезегінде ЕҚЫҰ-ның Де­мократиялық инсти­туттар және адам құқықтары жөніндегі бюро­сының директоры Маттео Ме­кач­чи Қазақстанның Қаңтар оқи­ға­сы­нан кейін демо­кра­тиялық құн­­ды­лықтардың ашық­тығы мен ілге­рі­леуіне арналған даму жолын таң­дауы маңызды қадам екенін айтты.

Кездесу соңында Мәулен Әшімбаев Қазақстан­ның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі нығай­тудың маңызы зор екеніне назар аударып, ел Пар­ла­менті Сенаты бұл жұмысты ДИАҚБ желісі бо­­йын­ша да белсенді жүр­гізуге дайын екенін жеткізді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.