Алматы облысында сел жүріп, 11 үйдің ауласын су басып қалды

Алматы облысында сел жүріп, 11 үйдің ауласын су басып қалды
Фото: kaztag.kz

Нөсер жауын салдарынан Алматы облысы Кеген ауданы Түменбай ауылында он шақты үйдің ауласын су басты. Бұл туралы Кеген ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп жазады inform.kz.

«23 маусым күні сағат 17.40-да шамасында Кеген ауданы Түменбай ауылында нөсер жаңбырдан соң ауылдың көшелерін таудан аққан су басты. Тау суы 1 тұрғын үйге кірген және 11 үйдің ауласын су басқан. Оқиға орнына аудан әкімі, Кеген ауылдық округінің әкімі, төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің қызметкерлері барды. Апаттың салдарын жоюға бірнеше техника жұмылдырылды. Адамдар зардап шеккен жоқ», делінген ресми хабарламада.

Табиғи апаттан келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.