Көкшетауда 20 миллион теңгенің контрабандалық темекі өнімі тәркіленді
Көкшетауда 20 миллион теңгенің контрабандалық темекі өнімі тәркіленді
Фото: taunews.kz
Көкшетауда 20 миллион теңгенің контрабандалық темекі өнімдері анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. «Газель» маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімі тәркіленді. Темекі өнімдері көлікке астанадағы «Әмір» әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген. Жедел іздестіру кезінде сол маркадағы темекілер табылды. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша, 34 500 дана темекінің құны – 20 355 000 теңге. Бұған дейін Қазақстанда темекі бағасы бірден қымбаттауы мүмкін екенін жазған болатынбыз.