Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5, 75 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 470, 90 теңге. Ұлттық банктің 24 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 81 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 466 теңге, сатып алу – 469 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 465,50 теңгеден болса, сатып алу құны – 468 теңге.