Бердібек Сапарбаевтың ұлы Ferrari-ді қайдан алды?
Бердібек Сапарбаевтың ұлы Ferrari-ді қайдан алды?
761
оқылды
Танымал саясаткер Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы істеп жатқанына екі жылдың жүзі болды. Жансұлтанның айтуынша, сол аралықта қала ішіндегі қоғамдық көліктің жаңа он бағытын қосып, 20 шақты бағытты оңтайландырған. Тіпті, қала ішіндегі 250-дей көшені жөндеп, жаңадан 14 көшеге жол салған. Барлығы 150 шаршы метр жол түзелген. Алдағы уақытта 400-ге жуық нысанды жөндеуден өткізіп, 7-уін жаңадан тұрғызбақ. –  Өзім сөздің емес, істің адамымын. Сондықтан өз еліме, жеріме қызмет етіп, қоғамға пайдамды тигізсем деймін. Елге белгілі азаматтың ұрпағы болғандықтан қателік жібермеуің керексің. Әкемнің ғана, бүкіл әулетіміздің атына кір келеді. Сол себепті таза жұмыстың адамымын, –  дейді ол. Саясаткердің баласы мемлекеттік қызметте жұмыс істей тұра, оның Ferrari көлігімен түскен суреті желіде кеңінен таралып, ел ішінде сөз болған. – Бұл суреттің өзіне 10 жыл өтті. Ол кезде баламыз, көшеде тұрған көлікке қызығып, суретке түскен едім. Желіге сол сурет таралып кеткен. Әйтпесе, өзімде ондай көлік болса, мініп жүрер едім ғой, – деген ол өзге шенеуніктердің балалары секілді білімді шетелде алмағанын сөз етті. Айтуынша, әкесі мектеп бітіріп, оқуға түсерде «Балам,топас болсаң, Гарвард та саған көмектеспейді. Ал басың істесе, қай жерде де оқи аласың" деген екен. Сол себепті, Жансұлтан Еуразия ұлттық университетін таңдаған. Оның толық сұхбатын  Elorda.info-ның You tube арнасынан оқи аласыздар. https://youtu.be/_He3xprb-Pk