Тоқаев 7 жасында шахматтан әлем чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады
Тоқаев 7 жасында шахматтан әлем чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады
© tengrinews.kz
1,102
оқылды

Мемлекет басшысы  жас әлем чемпионы Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев  ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады.
– Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуі – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Өзің ізін басып келе жатқан қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін, – деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.
Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді.