7 миллион теңге: Головкин – Канело үшінші жекпе-жегінің билеттері қаншадан сатылып жатқаны белгілі болды
7 миллион теңге: Головкин – Канело үшінші жекпе-жегінің билеттері қаншадан сатылып жатқаны белгілі болды
Мексикалық En el Ring бокс порталы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегіне ең қымбат билет құны қанша болатынын айтты. Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің промоутерлерінің айтуынша, билет бағасы 305 доллардан басталады. Билет бағасы әлі ресми болмаса да, бірнеше дереккөз «Канело Альварес пен Геннадий Головкин» жекпе-жегінің ең қымбат билеті шамамен 15 мың долларды [шамамен 7 миллион теңгені] құрайтынын айтуда.