Баянауылда балаларды құтқармақ болған екі ер адам суға батып кетті
Баянауылда балаларды құтқармақ болған екі ер адам суға батып кетті
453
оқылды
Павлодар облысында екі баланы құтқарған екі ер адам өздері суға батып кетті. Апат туралы хабарлама Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне 23 маусым күні сағат 15:52-де түскен.
Куәгерлердің айтуынша, 1978 жылы және 1986 жылы туған Қарағанды облысының екі тұрғыны балаларын (2008 жылы туған қыз бен 2013 жылы туған ұл) құтқару кезінде суға батып кетті. Балалар жедел жәрдем көлігімен Баянауыл ауылындағы облыстық ауруханаға жеткізілді, жағдайлары тұрақт,– дейді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Іздеу жұмыстары сағат 19-00-де аяқталып, ер адамдардың денесі сағат 19-39-да судан шығарылды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД 4 құтқарушы, 1 техника бірлігі және 1 жүзу құралы, «102», «103» қызметтері жұмыс істеді.