Семейде өзенге секіріп кеткен бойжеткен құтқарылды

Семейде өзенге секіріп кеткен бойжеткен құтқарылды

Семейде Ертіс өзеніне батып бара жатқан бойжеткен құтқарылды, деп хабарлады Semeynews.kz. 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 маусымда Ертіс өзені бойынша кемежай ауданында (Шоқан Уәлиханов пирсі) патрульдеу жүргізу кезінде Семей қаласының құтқарушылары батып бара жатқан қызды тауып, оған көмек көрсетті. Қайықпен ақырын жүзіп, бойжеткенді бортқа көтеріп, жағаға жеткізді. Содан кейін бойжеткенге медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқиға орнына келген туыстарының айтуынша, олардың 1999 жылы туған қызы Ертіс өзеніндегі бетон плиталарынан секіріп, жаңа көпірге өз бетінше бет алғандығы анықталды. Қыздың бұл әрекетінің себебі белгісіз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.