Жас футболшылар жарысы
Жас футболшылар жарысы
«AMANAT» партиясының Арқалық қалалық филиалы балалардың жазғы демалысы кезінде футболдан партия фи­лиалының кубогын ұйымдас­тырды. Бұл спорттық іс-шара жыл сайын өткізіледі. Қала мектептерінің 5-8-сыныптары арасында өткен жарыста 1-орынды М.Әуезов атындағы №5 мектеп командасы жеңіп алды. 2-орынды Кейкі батыр атындағы №4 мектеп иеленсе, 3-орын Б.Майлин атындағы мектептің спортшыларына бұйыр­ды. Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Бота МАРАТҚЫЗЫ