Әлемнің бірінші ракеткасы келеді
Әлемнің бірінші ракеткасы келеді
Әлемнің бірінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев Astana Open ATP 250 турниріне қатысады. Биылғы дода елордада 18-25 қыркүйек аралығында өтеді. Д.Медведев –  2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының, 2020 жылғы ATP қорытынды жарысы­ның жеңімпазы. Сондай-ақ ол үш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына дейін жетті. «Даниил Медведевтің биыл үшінші рет өткелі отырған Astana Open дода­сына келетініне қуаныштымыз. Қазақстанда Рафаэль Надаль, Новак Джоко­вич, Жо-Вильфрид Тсонга сияқты әлемнің үздік теннисші­лерінің өнер көрсетуі игі дәстүрге айналып келеді. Даниил өзінің спорттағы жолын біздің елімізде бастаған. Әлемнің бірінші ракет­касы елордадағы Ұлттық теннис орталығында өнер көрсетер күн де жақын», –  деді Қазақстан теннис феде­рация­сының вице-президенті Юрий Польский. Ресейлік теннисші 2010 жылы 18 жасқа дейінгілер арасында Өскеменде өткен ITF Juniors G3 турниріне қатысқан. Ал 2016 жылы әлемнің 171-ракеткасы ретінде ATP Challenger сериясына енетін Қазақстан Президенті кубогына келген. Онда ол ширек финалға дейін жеткен бола­тын.«Мен Astana Open турниріне қатысатыныма қуаныштымын. Мұнда маған дейін де атақты ойыншылар келген екен. Доданы асыға күтемін», –  деді Д.Мед­ведев.

К.ЕСІМХАН