«Қазгидрометтің» хабарлауынша, сейсенбіде еліміздің көп бөлігінде қар жауып, желдің екпіні күшейеді, көктайғақ болады, боран соғуы мүмкін. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте түнде кей жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс облыстары антициклон ықпалында болғандықтан күн райы ашық болады. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Жамбыл, Түркістан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтіледі.