Алматы әуежайын «миналаған» ер адам ұсталды
Алматы әуежайын «миналаған» ер адам ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
271
оқылды
Алматы халықаралық әуежайына ер адам мина қойылғанын айтқан. Көліктегі полиция департаментінің бөлімшелері әуежайдағы адамдар эвакуациялап, нысанды қоршауға алды. Қоңырау шалушының кім екенін анықтау жұмыстары да жүргізді. Нәтижесінде, 1997 жылы туған Б. деген азамат ұсталды. Оны Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстап, Алмалы ауданының полиция бөліміне алып кеткен», – деп хабарлады полиция. Бұл адамның қалалық психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны анықталды. Бұрын ол осыған ұқсас әрекеттері үшін қылмыстық жауапқа тартылған. «Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», – деді Алматы қаласы ПД Жедел басқару орталығының басшысы, полиция полковнигі Андрей Квашнин. «Әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Қалалық жедел-іздестіру жұмыстары аяқталды. Дүрлігіп, алаңдауға негіз жоқ», – дейді ол.