Бурабай ауданында суға батып бара жатқан үш қыз құтқарылды
Бурабай ауданында суға батып бара жатқан үш қыз құтқарылды
718
оқылды
Бүгін Бурабай ауданындағы Үлкен Шабақты көлінде қайғылы жағдай бола жаздады. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, көл жағасында демалып жүрген 3 бойжеткен суға түспекші болып жағадан алыстап кетіп, суға бата бастаған. Абырой болғанда, жақын жерде батып бара жатқан қыздарды құтқарып қалған өзге демалушылар болды.  width= Оқиға орнына құтқарушылар келген соң екі қызды бірден құтқарғаны анықталды. 2008 жылы туған үшінші қыз бірнеше минут суда болғандықтан, жағаға шығарған кезде ес-түссіз жатқан. Демалушылардың бірі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қызды бір жақ қырына бұрып жатқызған. Құтқарушылар медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, оны зембілде жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Қазіргі уақытта зардап шегуші "өкпе ісінуі" диагнозымен жансақтау бөлімінде  жатыр. Ақмола облысының ТЖД судағы қарапайым  ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді. Сіздің және балаларыңыздың өмірі өз қолыңызда екенін есіңізде сақтаңыз.