Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 66 жағдай тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 15, Алматы қаласында – 42, Шымкент қаласында – 3, Ақмола облысында – 2, Қарағанды облысында – 3, Қызылорда облысында 1 адамнан анықталды. Соңғы күндері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санының өсу динамикасы байқалуда. Мысалы, кеше вирус жұқтырған 57 жағдай тіркелсе, 24 маусымда да инфекция жұқтырған 54 адам анықталды. Оның алдындағы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған 42 жағдай, одан кейін күні 32 адамнан коронавирус анықталды. Ал 20 маусымда тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда 12 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 233 жетті. Сонымен қатар өткен тәулікте 23 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, жалпы оның саны 1 292 251 адамды құрады.