АҚШ-та қазақтың қос қаламгері кітабының тұсауы кесілді
АҚШ-та қазақтың қос қаламгері кітабының тұсауы кесілді
406
оқылды
Нью-Йорк қаласында «Біріккен Алаш» қорының (United Alash Foundation) жанынан құрылған Кітап клубының (Book Club) ұйымдастыруымен тележурналист, ақын Жаңылхан Асылбекованың «Сөнбес сәуле» атты публицистикалық жинағы және зерттеуші-қаламгер, PhD Эльмира Ерікқызының «Алаш қайраткері Жанұзақ Жәнібековтің шығармашылық мұрасы» атты монографиялық еңбегінің таныстырылымы өтті. Қос автор да бұл күнде Нью-Йорк фильм академиясында халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуде. Аталған іс-шараға Нью-Йорк фильм академиясы телерадиожурналистика факультеті деканының міндетін уақытша атқарушы Фред Сильверман, куратор Евгения Власова және сюжеттік материалдарды талдау және сценарий жазу пәнінен дәріс беретін Роберт Ферраро секілді профессорларымыз келіп қатысты.  width= Іс-шараға өзге де зерттеуші-ғалымдар, журналистер, Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері қатысты. Сонымен қатар қазақи шығармашылық кештің шырайын кіргізу үшін республикалық және халықаралық ән байқауларының жеңімпазы, Лондонда өткен халықаралық «Альбион жұлдыздары» өнер байқауының жеңімпазы, музыкант, эстрада-джаз әншісі Гүлзар Ғабдрахман да келіп әннен шашу шашты. Шығармашылыққа толы болған қызықты кештің соңында қаламгерлеріміздің құрметіне ақ дастарқан жайылды.                                                                                                Дәурен Мұхамеджан, Нью-Йорк фильм                                                                                                                  академиясында халықаралық «Болашақ»                                                                                                             бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуші