"Сәнім" оқиғасынан кейін лағманханалар қазақша асмәзірінің керек екенін сезіне бастады
"Сәнім" оқиғасынан кейін лағманханалар қазақша асмәзірінің керек екенін сезіне бастады
2,093
оқылды
Әлеуметтік желі белсендісі Айбар Олжаев өз парақшасында Алматыдағы лағманханалардың бірінде болған қазақ тіліне қатысты жазба жариялады. 
"Бүгін Алматыдағы Домиллион жанындағы (Рысқұлов көшесі, 149) "Лағманхана №1"-де асмәзірінің жаңарғанын байқадым. Глянец журнал сияқты әдемі қылып басыпты. Бәрі үйлесіп тұр, бірақ тек орысша жасаған екен.  width= Даяшы қазақша нұсқасының жоқ екенін мойындап, администраторының ватсабын берді. Оған жазып едім, олар бірден мәселені бір аптада шешуге уәде берді. Сондықтан онлайн арызданбай-ақ, мүмкіндік берейін деп ойладым. Жалпы, өткендегі "Сәнім" оқиғасынан кейін лағманханалар қазақ тілінің құдіретін түсініп, қазақша асмәзірдің керек екенін сезіне бастаған сияқты. Мысалы, сол "Лағманхана №1-дегі" барлық келушілер қазақша сөйлеп отырды. Даяшылары да, күзетшілері де қазақша сөйлеп жүр. Ал асмәзір таза орысша. Алматы – парадокстар қаласы. Бірақ жанға жайлы қала", – деген ол.