Шавкат Рахмонов келесі қарсыласының кім болатынын айтты
Шавкат Рахмонов келесі қарсыласының кім болатынын айтты
712
оқылды
Жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) UFC-де америкалық Нил Мигниді (26-10) мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін өзінің келесі жартылай орта салмақтағы қарсыласының кім екенін айтты, – деп хабарлайды Sports.kz. «Номад» кімге қарсы шыққысы келетіні туралы жекпе-жектен кейін берген сұхбатында қазақстандық UFC-дің 39 жастағы америкалық ардагері Стивен Томпсонның есімін атады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) UFC on ESPN 38 турнирінің басты жекпе-жегі аясында Рахмонов екінші раундтың соңында Мэнниді буындыру тәсілімен жеңген болатын.