Оралда жантүршігерлік жол апатынан  кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты
Оралда жантүршігерлік жол апатынан  кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты
Оралда жол апаты болып, кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты,  – деп хабарлайды "Мой Город" Жол-көлік оқиғасы 26 маусымға қараған түні сағат 00.40-та Шолохов пен Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болған. БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Toyota шағын автобусы жол жиегінде тұрған Scooter мен ВАЗ-2110 көлігіне соқтығысқан.
"Апат салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілді. Скутер жолаушысы  17 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды. Скутер жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жеңіл көлік жолаушылары дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, шағын автобус жүргізушісі сау болған. Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі –  шағын автобус жүргізушісі көлікті басқарып келе жатып, ұялы телефонына алаңдап кеткен", деді полиция қызметкерлері.