UFC-де үздік өнер көрсеткен Шавкат Рахмонов сыйлық алды
UFC-де үздік өнер көрсеткен Шавкат Рахмонов сыйлық алды
4,167
оқылды
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC Vegas 57 турнирінің қорытындысы бойынша 50 000 доллар бонус иегерлерінің бірі болды. Арман Царукян мен Матеуш Гамрот арасындағы жекпе-жек кеш үздігі деп танылды. Шавкат Рахмонов өз кезегінде америкалық Джош Пэрисиан және бразилиялық Тиаго Мойзеспен бірге кештің үздік өнері үшін жүлдені жеңіп алды. Еске салайық, UFC Vegas 57 турнирінде Шавкат Рахмонов екінші раундтың аяқталуына екі секунд қалғанда америкалық Нил Магниді тізе бүктірді.