ШҚО-да жемқорлық қылмысын жасаған көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ШҚО-да жемқорлық қылмысын жасаған көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлікті бақылау инспекциясының 7 қызметкері жемқорлық қылмысы үшін ұсталды, - деп хабарлайды Inform.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, облыстық көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері сыбайлас жемқорлықты жүйелі түрде жасаған. Олар жүк тасымалдаушылардан көлікті бақылау пунктінен кедергісіз өту және өңір аумағында еркін жүріп-тұру мүмкіндігі үшін 10 мыңнан 300 мың теңгеге дейін пара алып келді.
«Сонымен қатар тексеру барысында көлікті бақылау инспекторлары тексеру іс-шараларын өткізу кезінде бейнетіркеу тәртібін сақтамағаны белгілі болды. Атап айтқанда, инспекторлар тек көлікті тоқтату және қажетті құжаттарды талап ету барысын ғана тіркеп отырған. Бақылау процедурасының өзіне бейнежазба жүргізілмеген. Ал қолда бар 289 бейнематериалда күн мен уақыт бойынша сәйкессіздіктер анықталды», – делінген ақпаратта.