Бір-екі жылдың ішінде UFC чемпионы болам: Рахмонов Дана Уайтқа үндеу жасады
Бір-екі жылдың ішінде UFC чемпионы болам: Рахмонов Дана Уайтқа үндеу жасады
549
оқылды
Аралас жекпе-жекте жеңіліс көрмеген Шавкат Рахмонов екі жылдан кейін UFC чемпионы болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 57 турнирінде Рахмонов лигадағы төртінші айқасынан кейін мәлімдеме жасады.
"Дана Уайт, менің есімімді сақтап ал! Мен UFC чемпионы болам. Бір-екі жылдың ішінде UFC чемпионы болам!", – деді Рахмонов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) UFC on ESPN 38 турнирінің басты жекпе-жегі аясында Рахмонов екінші раундтың соңында Мэнниді буындыру тәсілімен жеңген болатын.