Петропавлда Юрий Шатуновты еске алуға арналған флешмоб өткізуге тыйым салынды
Петропавлда Юрий Шатуновты еске алуға арналған флешмоб өткізуге тыйым салынды
Фото: kuda-mo.ru
Петропавл әкімдігі ресейлік әнші Юрий Шатуновты еске алуға арналған флешмоб өткізуге рұқсат берілмегенін хабарлады. Биыл 23 маусым күні «Ласковый май» тобының әншісі Юрий Шатунов қайтыс болды. Қазақстанда әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтерде әншіні еске алуға шақырған хабарламалар жарияланды. Тіпті, бірнеше орын көрсетілген. Алайда Петропал әкімдігі бұл шараға тыйым салды. «Құрметті қала тұрғындары, Интернациональная мен Бөкетов көшелерінің арасында Юрий Шатуновты еске алуға арналған іс-шара өткізілмейді. Флешмоб өткізуге рұқсат берілмеген. Тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз» делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.