Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Фото: ТЖМ-нен алынды
928
оқылды
Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары екі шетелдік студентті іздеу жұмыстарын жүргізуде. Кеше сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төлеби ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері екені белгілі болды. Іздестіру-құтқару жұмысына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника,  Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы жұмылдырылды. Түркістан облысы ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.