«Қазақстан барысы» турнирін қайдан тамашалауға болады?  
«Қазақстан барысы» турнирін қайдан тамашалауға болады?  
Фото: azh.kz
1,013
оқылды
Биыл «Қазақстан барысы» ХІ республикалық турнирі «Барыс арена» мұз сарайында 3 шілде күні өтеді. Бұл туралы «Қазақстан барысының» Facebook ресми парақшасында жазылды. Дәстүрлі турнир Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту, астана күнін мерекелеу және балаларды спортқа баулу, патриотизмді насихаттау мақсатында өткізіледі. Жарыс ережесіне сәйкес, сәуір-мамыр айларында ауыл, аудан, облыстық (қалалық) деңгейдегі және күштік құрылымдар желісі арасында іріктеу жарыстары толығымен өтіп, оған еліміз бойынша 5 мыңға жуық спортшы қатысты. Соның ішінен 36 балуан ақтық сынға жолдама алды. Турнирді Мәдениет және спорт министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен  Qazaqstan Barysy қоры мен Qazaq kuresi ассоциациясы ұйымдастырады. Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты биыл турнир «бүк» ұпайынсыз өтеді. «Қазақстан барысы» турнирінің жүлде қоры әдеттегідей, жеңімпаз балуанға 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен ауыспалы алтын «тайтұяқ» табысталады. Екінші орынға 5 500 000 теңге және үшінші орынға 1 800 000 теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеумен марапатталады. Турнирді Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.