Жол апатынан көзіме әйнектің сынықтары тиіп, қос жанарым ашылмай қалды – Саят Медеуов
Жол апатынан көзіме әйнектің сынықтары тиіп, қос жанарым ашылмай қалды – Саят Медеуов
Әнші Саят Медеуов бұл жайында KYN YouTube арнасына берген сұхбатында хабарлады. Естеріңізде болса, белгілі әнші ақпан айында жол апатына түсіп, аман қалған болатын. Бүгінде ол өзінің денсаулығының жай-күйін айтты. Айтуынша, апат рөлде отырған жиен ағасының кесірінен болған. Ол шаршағанына қарамастан, рөлді әншіге бермеген. Салдарынан басқа көлікке соқтығысқан. Құдай сақтап ешкім қаза таппады. “…Уақыт керек. Құдайға мың шүкір, көптің тілеуі қабыл болды. Басыма іс түскенде амандығымды тілеген көпшілікке рақмет. Жалпы, мұны Құдайдан көре алмаймын. Жол апатын Құдайдың салғаны, басқа түскесін көнетін жайт деп те айтпаймын. Бұған өзіміз кінәліміз. Өйткені Құдай бізге бір емес, үш рет ескертті. Екі рет одан рөлді сұрадым. Бермеді. Кейін үшінші рет жол бойына тоқтап, ұйықтап алуды ескерттім. Ол тоқтайтынын айтқан, сол аралықта көзім ілініп кетіпті. Кейін есімді жиғанда апатқа ұшыраппыз. Бұл Құдайдың салғаны емес, бұл – біздің ақымақтығымыз”, – дейді әнші. Саят Медеуовтің сөзінше, сол кезде оның екі аяғы мен қолы, үш қабырғасы сынған. “Жол апатынан екі аяғым, қолым, үш қабырғам сынды. Көзіме әйнектің сынығы  тиіп, қос жанарым ашылмай қалған. Дәрігерлер тазалап берді, қазір көзім жақсы көреді. Қасым түсіп қалып еді, өсті”, – деді әнші. https://www.youtube.com/watch?v=ZJy0CKl7sWo&t=826s