"Қазгидромет" РМК 28-30 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысатын солтүстік-батыс циклоны аталмыш аудандарға найзағай мен жаңбыр, 29 маусымда солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр, сондай-ақ бұршақ, желдің күшеюін және ауа температурасының шамалы төмендеуін әкеледі. Тек еліміздің батыс облыстары скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді, мұнда жаңбырдың тоқтауы күтіледі", – делінген хабарламада.