"Ақтөбе" футбол клубы стадионға кіре алмай, "Ақтөбе" – "Астана" матчын тесіктен сығалап тамашалаған жанкүйерге іздеу салды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі Instagram ресми парақшасында хабарлады.
"Орталық стадиондағы үлкен матчтарды көзбен көру – шын бақыт. Оны әр ақтөбелік түсінеді. Алайда билеттердің дереу сатылып кетуіне байланысты кешегі матчты аренамыздың саңылауынан тамашалаған мына жігіттің фотосы жүрегімізді елжіретті. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин бұл баланың "Ақтөбеге" деген махаббатына қайран қалып, оны тауып, қолына маусымдық абонементті табыстауға пәрмен берді. Сол себепті құрметті жанкүйерлер, суреттегі жеткіншекті іздестіруге көмектесулеріңізді сұраймыз!", – делінген клуб хабарламасында.Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты аясында өткен "Ақтөбе" – "Астана" арасындағы матч 4:1 есебімен "Ақтөбенің" пайдасына шешілді.