Қапшағайда жоғалған 8 жасар баланы демалушылар қол ұстасып іздеді
Қапшағайда жоғалған 8 жасар баланы демалушылар қол ұстасып іздеді
Instagram/almaty_kris_p
1,100
оқылды
26 маусымда Қапшағай жағалауында жоғалған баланы іздеуге сонда демалып жатқан барлық ер азамат атсалысқан. Олардың қол ұстаса тізбек құрып, суды бойлап бара жатқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Сегіз жасар бала жағада жүрген жерінен табылды. Видео Instagram  парақшада жарияланды. Видео авторы Қапшағайдағы жағажайда баланың адасып кеткенін айтады. Бейнежазбадағы кадрдан демалушылардың қол ұстасып, суды бойлап бара жатқанын байқауға болады. Бұл жайтқа қатысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.
"Бала аман-есен табылды, ал бізге хабарлама түскен жоқ. Бұл –  26 маусымда болған жағдай. Сегіз жасар бала жағада ойнап жүрген екен. Судың ішінен емес, жағадан табылған. Бұл іздестіру әдісін жергілікті жағажай құтқарушылары (қоғамдық құтқару қызметі) ұйымдастырған болуы керек. Оларға мұндай тәсілді ТЖД-ның Қапшағай өңірі бойынша құтқарушылары үйреткен екен. Олар егер адам суда жоғалса, көптің көмегімен, қол ұстаса тізбек құрып, судың ішін сүзіп шықса, тез табылады деп кеңес берген. Артынша, бала табылғаннан кейін жергілікті құтқарушылар ТЖД-ға хабарлады", –  дейді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ALMATY KRIS P|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)