Түркістан облысында суға кеткен 2 шетелдік студентті 58 адам іздестіріп жатыр
Түркістан облысында суға кеткен 2 шетелдік студентті 58 адам іздестіріп жатыр
666
оқылды
Төле би ауданындағы Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық екі азаматты 58 адам іздестіріп жатыр. Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары суға ағып кеткен екі шетелдік студентті іздеу жұмысын жалғастырып жатыр. Қазіргі таңда ТЖД-дан 26 құтқарушы, полициядан 17 қызметкер, жергілікті атқарушы органдардан 15 адам жұмылдырылған.
«Ақсу өзенінің ағысының қатты екенін, сонымен қатар шатқалдың тік болуын ескере отырып Төтенше жағдайлар министрлігінің «ҚазАвиа» құтқару мекемесінен тікұшақ тартылды», – деді Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов.
Айта кетейік, 26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзеніне 2001 жылғы 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын.