Маңғыстауда жануарды көлікпен қуған ер адамның видеосы тарады
Маңғыстауда жануарды көлікпен қуған ер адамның видеосы тарады
Желіде Маңғыстауда итаюдың артынан қуып бара жатқан жүргізушінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Lada.kz сайты. Қуғын нәтижесінде аң зардап шекті ме, жоқ па белгісіз. Бірақ кадр сыртындағы әңгімеге қарағанда, жүргізушілер жолда қандай аң кездестіргенін түсінгісі келеді. Итаюдың сыртқы келбеті борсыққа, ал қылығы күзенге ұқсас. Ол - сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң. Өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін олар тек бұрынғы КСРО аумағында Түрікменстанда өмір сүрді деп есептелген. Қазақстан аумағында оны алғаш рет зоолог А.Н. Коринфский ашқан. 1964 жылдан бастап Маңғыстау облысының аумағында тұрақты түрде зерттеулер жүргізген ол итаюды 1983 жылы ғана кездестірген. Итаю еліміздің териофаунасына кіреді. Өте сирек кездесетін түр, сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, мәртебесі - I санат. Негізгі жауы - қасқырлар мен иттер.