ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
360
оқылды
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті. Мәулен Әшімбаев келесі жылы ТҮРКСОЙ-дың құрылғанына 30 жыл толатынын, осы жылдар ішінде ұйымның ұйытқы болуымен түркі әлемінің ынтымақтастығын арттыруға арналған маңызды іс-шаралар мен жобалар іске асырыл­ғанын айтты. «Түркі мемлекеттерінің мәде­ни-гуманитарлық байланысын арт­тыру тұрғысынан ТҮРКСОЙ-дың маңызы зор. Соңғы жылдарда түркі әлемі елдерінің ынтымақ­тас­тығы жаңа деңгейге көтерілді. Бұл ретте біздің мемлекет басшы­ларымыз қабылдаған шешімдердің ықпалы мол екенін атап өткен жөн», – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар Сенат Төрағасы алдағы қыркүйек айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, бұл форум түрлі дін өкілдері арасында тиімді өзара байланыс орнатуға және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Мәулен Әшімбаев съезд хат­шы­лығының басшысы ретінде Сұл­тан Раевты аталған діни форум­ға қатысуға шақырды. Өз кезегінде ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы түркі әлеміне ортақ көрнекті тұлғалар мен жазушы­лардың мерейтойларына қатысты жоспарланған іс-шаралар туралы айтты. Сондай-ақ ол Түркістан қаласының түркі әлемі астанасы ретін­дегі рөлін күшейтудің маңы­зына тоқталды. Кездесу соңында Мәулен Әшім­баев Қазақстан Парламенті­нің Сенаты ұйым аясында түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрін ны­ғайту үшін белсенді жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.