Өзен жағалауында екі әйел төбелесіп, біреуін пышақтап тастады
Өзен жағалауында екі әйел төбелесіп, біреуін пышақтап тастады
Фото: mk.ru
717
оқылды
Павлодарда Усолка өзенінің жағалауында екі әйел төбелесіп, бірін-бірі пышақтады, – деп хабарлайды AstanaTV.  Полицияның дерегінше, демалушылар ішімдік ішіп, өзара сөзге келіп қалып, соңы жанжалға ұласқан. Бірі екіншісінің мойнына пышақ салған. Жарақаты жеңіл болғандықтан, науқас ауруханаға жатқызылмады. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров: «Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша іс қозғалды. Осы компанияның өзге қызметкрелеріне 440 және 434-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деді.