«Даймонд принцесс» кемесінде коронавирусты жұқтырғандар саны 130-ға жетті, – деп хабарлайды «Хабар 24». Йокогама портында карантинге қойылған кемеде бұған дейін 70 науқас анықталған еді. Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлауынша, бір тәулік ішінде қауіпті дертке шалдыққандар саны екі есеге артты. Коронавирусқа шалдыққандар арнайы сараптамадан өткен. Науқастар дене қызуы көтеріліп, жөтелге шағымданған. Енді министрлік өкілінің хабарлауынша, лайнердегі барлық жолаушылар тексерістен өткізіледі. Қорытынды шыққан соң ғана, азаматтар үйіне қайтарылады. Айта кетейік, кеме 5 ақпаннан бері карантинге қойылды. Онда 3700 жолаушы мен экипаж мүшелесі бар. Кемеде Жапониядан басқа 56 елдің азаматы бар.